СҚО-да «Ашық қабылдау» акциясы бастау алды

СҚО-да «Ашық қабылдау» акциясы бастау алды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері «Ашық қабылдау» жалпы республикалық акциясына қатысуда.

Осылайша, «Заң мен тәртіп» ұлттық бастамасын ілгерілету шеңберінде құқық қорғау органдарының өкілдері апта бойы халыққа заңгерлік кеңес беретін болады.

Акция халық көп шоғырланатын орындарда «қоғамдық қабылдау» ұйымдастыруды, сондай-ақ азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін мобильді топтардың ауылдық елді мекендерге баруын көздейді.

Іс-шараның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өзекті мәселелерге жедел ден қою, сондай-ақ қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту болып табылады.