Негізгі басымдық – ескерту

Негізгі басымдық – ескерту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен бухгалтерлері үшін Әйелдер колониясына профилактикалық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде өткізілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ білім беру саласындағы заңдылықты бұзу фактілеріне жол бермеу жөніндегі алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған.

Экскурсия барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары туралы айтылып, түзету мекемесінің ішкі тәртібі, сотталғандарды ұстау шарттары таныстырылды.

Департамент мұндай кездесулер қызметтік міндеттерді атқару кезінде жеке жауапкершілікті және заң бұзушылықтарға жол бермеу туралы еске салатынын атап өтті.