Құрылыс объектілері ерекше бақылауда

Құрылыс объектілері ерекше бақылауда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс шеңберінде «Челябинск-Новосибирск» М-51 республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңарту учаскесіне шығуды жүзеге асырды.

2017 жылдан бастап іске асырылып жатқан ұзындығы 30,2 км құрайтын құрылысы ұзаққа созылған нысан Агенттік басшылығының ерекше бақылауында.

Нысанның құрылысы бұрынғы бас мердігердің шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауына байланысты ұзаққа созылған. Нәтижесінде тапсырыс берушінің («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ) бастамасы бойынша онымен шарт бұзылып, жаңа бас мердігермен келісімшарт жасалды.

Тапсырыс берушінің ақпараты бойынша, жобаны іске асыру қарқынды жүріп жатыр, 18 км асфальт төселді және нысанды аяқтау биылғы құрылыс маусымы аяқталғанға дейін жоспарланған.

Сапар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл вгенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Б. Махмуд ауқымды жаңғырту жоспарланып отырған «Жаңа Жол» автомобиль өткізу пунктінің қызметімен танысты.

Қазіргі уақытта республиканың солтүстік қақпасын қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Өткізу пункті ғимаратының құрылысы, сондай-ақ заманауи тексеру жүйелерін енгізу жоспарлануда.