Заң мен тәртіп: СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері «Халық заңгері» акциясына қатысты

Заң мен тәртіп: СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері «Халық заңгері» акциясына қатысты

Петропавлда және облыстың барлық аудан орталықтарында жыл сайынғы «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Бақдәулет Махмуд қатысты. Ол адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге халыққа заңгерлік кеңес берді.

«Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» акциясы азаматтардың проблемалық мәселелерін жедел шешудің дәстүрлі алаңына айналды. Көбінесе адамдар құқықтық қақтығыс туындаған жағдайда қалай қорғану, қайда жүгіну керектігін біле бермейді, осы кезде негізгі мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылатын «Халық заңгерінің» көмегі баға жетпес», - деді Б. Махмуд.

Сондай-ақ ол, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдамада да азаматтар мен мемлекеттік институттардың тығыз өзара іс-қимылын көздейтін, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылғандығын ерекше атап өтті.