Заң мен тәртіп: Ұлттық ұлан академиясының курсанттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Заң мен тәртіп: Ұлттық ұлан академиясының курсанттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының курсанттарымен кездесу өткізді.

Курсанттармен әңгімелесу барысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Бақдәулет Махмуд парасаттылық, адалдық пен әділдіктің тұрақты қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Заң мен тәртіп» - бұл ұран емес, іс-әрекетке басшылық. Сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ қоғамда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету сіздерге, болашақ офицерлерге байланысты болады», - деп атап өтті Бақдәулет Махмұд.

Кездесуге қатысушылар Агенттік қызметінің негізгі бағыттары және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған елдің жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы хабардар етілді.

Өз кезегінде Академия бастығы Артур Токушев оқу орнында моральдық-адамгершілік тәрбие бойынша түрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы оқушыларды кәсіптік оқытуға ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге де ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

Спикерлердің сөз сөйлеу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетіліп, келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.