Заң мен тәртіп: Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру

Заң мен тәртіп: Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді, оған БКБ арқылы аудандық бөлімшелердің өкілдері де қатысты.

Азаматтық қорғау органдарының өкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға арналған, жоспарланған жаңашылдықтар жеткізілді.

Атап айтқанда, семинарға қатысушылар елімізде енгізілуге жоспарланған жемқорлардың жария тізілімі туралы хабардар етілді.

Спикер бұл профилактикалық құрал екенін атап өтті. Оның басты мақсаты – қоғамдық айыптау арқылы қоғамда жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру. Тізілімге ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер енгізілетін болады. Заңды күшіне енген айыптау үкімі адамдарды тізілімге енгізу үшін негіз болып табылады.

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған мемлекеттік деңгейде бекітілген тұжырымдама белсенді талқыланды.

Тұжырымдамада құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде белсенді азаматтық қатысудың рөліне ерекше назар аударылды. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа және түрлі көлеңкелі тәжірибелерге тұрақты теріс қатынасты қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілген.

Семинар аясында қатысушылардың назарына жемқорлыққа қарсы роликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.