Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негіз қалаушы буын болып сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе жағдайлар мен себептерді анықтау және азайту айқындалды.

Осыған байланысты, мемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдырмау мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі-заң) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (сыртқы және ішкі) сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу институттары енгізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшыларының және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің, ал олар болмаған жағдайда олардың міндетін атқаратын не олардың міндетін атқаратын адамдардың бірлескен шешімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін негіз болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау бірлескен шешіммен құрылған жұмыс тобы 30 жұмыс күнінен аспайтын кезеңде жүргізіледі. Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау ақпаратты жинау, қорыту, талдау кезеңдерін және талдау анықтамасын жасауды қамтиды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;

3) мүдделер қақтығысын реттеу;

4) Мемлекеттік қызмет көрсету;

5) рұқсат беру функцияларын орындау;

6) бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру;

7) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды қамтитын екі данада талдамалық анықтама дайындалады.

Талдамалық анықтама жұмыс тобының мүшелерімен келісіледі және бірлескен шешімде айқындалған уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің лауазымды адамдары қол қояды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды орындау мониторингі жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысы айқындайтын немесе оның шешімімен жұмыс тобы құратын құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Арнайы мемлекеттік органдарды және қоғамдық ұйымдарды қоспағанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алқалық, консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауға жол беріледі.

Жартыжылдық бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектілері есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар, олардың нәтижелері және оларды жою жөнінде қабылданған (қабылданатын) шаралар туралы ақпаратты ұсынады.

Документы
Анықтама
11 апреля 2024
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті
Орман пайдалану саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері
Ереже
04 августа 2023
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК» ЖОБА ЖАРҒЫСЫ
Анықтама
26 января 2023
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті
ТКШ саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың нәтижелері
Новости
Полезные материалы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау
Медиагалерея
1
«Antikor оrtalyǵy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы
1
СҰХБАТ "Ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы жемқорлық тәуекелдері"
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары