Батырларды еске алу: ардагермен кездесу тарих сабағы ретінде

Батырларды еске алу: ардагермен кездесу тарих сабағы ретінде

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Департамент қызметкерлері Ұлы Отан соғысының батыры Мұраталы Төлепбергенұлымен кездесті.

Ардагер 1925 жылы 20 мамырда Түлкібас ауданында дүниеге келген.

1943 жылы ақпанда Кеңес әскері қатарына шақырылып, Ташкентте 6 ай радио операторы мамандығы бойынша білім алады, қыркүйекте Брест бекінісін, Беларусь қалаларын жаудан азат ету үшін соғысып, 1945 жылы Варшаваны азат етуге қатысты.

Қарт жауынгер «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Сонымен қатар, Мұратәлі Төлепбергенов – Департамент қызметкерінің атасы, бұл асқан ерлікке деген жауапкершілік пен мақтаныш сезімін одан әрі ұлғайта түседі.

Соғыс батырларын мәңгілік жадымызда сақтап, осы құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізуіміз керек!