Жеңістің 80 жылдығына орай қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет түрлі спорт түрлерінен спорттық жарыстар өткізді

Жеңістің 80 жылдығына орай қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет түрлі спорт түрлерінен спорттық жарыстар өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте үстел теннисі, шахмат, шағын футбол, бильярд, қол күрес, арқан тартудан турнирлер  өтті.

Қатысушылар тамаша физикалық және интеллектуалдық дайындықты, төзімділік пен нағыз жауынгерлік рухты көрсетті. Мұндай шаралар қызметкерлер арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтады.

Спорттық ойындардың жеңімпаздары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық жарыстарына қатысатын болады.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП