Бірлік марафонына қалалық Антикор қызметкерлері балаларымен қатысты

Бірлік марафонына қалалық Антикор қызметкерлері балаларымен қатысты

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының бірлігі күні, Ассамблеяның 30 жылдығы және «Заң мен тәртіп» іс-шаралар бағдарламасының басталуына орай құқық қорғау органдарымен, әкімдікпен және тұрғындармен бірге Бірлік марафоны өтті.

Спорт сайысы Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта ұйымдастырылып, оған 500-ден астам адам қатысты.

Антикор, прокуратура, Экономикалық тергеп- тексеру және полиция қызметкерлерінің балалары да қатысып, ата-аналарымен бірге 2,5 км қашықтықты жүгіріп өтті.

Бұл салауатты өмірге бейімділіктің жас кезден қалыптасатынын көрсетеді.

Осындай іс-шараларды жыл сайын өткізу жоспарлануда.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП