Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұзушылықтардың жолын кесіп, 4 млрд теңгеге бюджет шығынының алдын алды

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұзушылықтардың жолын кесіп,  4 млрд теңгеге бюджет шығынының алдын алды

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша брифинг өтті.

Брифинг барысында өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бойынша жұмыс нәтижелері таныстырылды.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша талдау мемлекеттік сатып алу, туризм және жылумен қамту салаларын қамтыды. 30-дан астам сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, олардың алдын алу бойынша 38 ұсыным енгізілді.

Мемлекеттік органдардың баспана кезегінде тұрған жандар үшін жаңа үйлер сатып алуы барысында осы үйлерді пайдаланудың кепілдік мерзімін кемінде 7 жыл етіп бекіту туралы бұйрықтар енгізілді.

Сонымен қоса мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижесінде 4 млрд теңге үнемделді. Мемлекеттік сатып алу жоспарларын дұрыс бекітпеген 7 мемлекеттік мекеменің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Қуатжылуорталық-3» МКК-де жүргізілген талдау барысында уәкілетті органның жылуға төмендетілген тарифті енгізу туралы бұйрығын ұзақ уақыт бойы орындамау тәуекелдері анықталды. Біздің араласуымыздан кейін монополияға қарсы орган 280 млн теңге (негізсіз кірістің 10 пайызы) айыппұл салды (хаттамаға сотқа шағым жасалды).

Сондай-ақ, құны 6,5 млрд теңгені құрайтын «Ақжар» қосалқы станциясының құрылысына жүргізілген мониторингтің соңғы нәтижелері таныстырылды. Қазіргі уақытта жұмыс аяқталып келеді, нысанды биылғы мамыр-маусым айларында аяқтау жоспарлануда.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП