2023 жылдан бастап «Ақжар 110 кВ» қосалқы станциясының құрылысын қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және қоғам белсенділері сүйемелдеуде.
2019 жылы құрылысы басталған нысанның құны 6,5 млрд теңгені (95% төленген) құрайды.
Нысанды пайдалануға беру мерзімі бірнеше рет түрлі себептермен кейінге қалдырылды.
Департаменттің бастамасымен әкімдік пен мердігер ұйым арасында құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспары бекітіліп, аяқтау бойынша кепілдік міндеттемелері қабылданды.
«Ақжар» қосалқы станциясы арқылы 50 мың тұрғынның жоғары сапалы электрмен жабдықтауға қосылу мүмкіндігі бар.
Мердігердің жұмысына араласпай құрылыс нысанының тиісті бақылауы жалғасуда.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП