Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде заңдылық пен тәртіпті сақтау мәселелеріне арналған жиын өтті.
Күн тәртібінде жеке құрам қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парасаттылықты қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін бірінші басшылардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департаментпен ашық және адал ортаны қалыптастыруға көмектесетін «Integrity Check» тұрақты өткізуді ұсынды.
Сондай-ақ қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу туралы ақпарат ұсынылды.
Кездесу соңында қатысушыларға бейнеролик көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің 1424 Call-орталығының жұмысы түсіндірілді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП