
Заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметкерлерімен семинар өткізді.
Іс-шара сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іске қосылған жобаларды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің өңірлік картасына енгізілген салалардағы жемқорлық тәуекелдерін жою шараларын талқылау мақсатында өткізілді.
Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған бастамаларды талқылады. Сонымен қатар, заңдылық пен тәртіп қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, іс-шарада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдескен азаматтарды көтермелеу жүйесі туралы ақпарат берілді.
Семинар соңында қатысушылар мемлекеттік органдардың жұмысын жақсарту бойынша пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП