
Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында Антикор орталығында дене шынықтыру және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау ұсынымдарын орындауға арналған жиын өтті.
Бүгінгі таңда Департаменттің ұсынымдары бойынша тиімсіз басқарудан спорт нысаны қайтарылды, «Ордабасы»ФК» АҚ қаржы қаражатын тиімді басқару мақсатында ірі мәмілелер жасасу туралы шешім қабылдау мәселелерін енді Директорлар кеңесімен ғана қаралады, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі спорт түрлері бойынша спортшыларды даярлау үшін спорттық қызметтерді сатып алу шектелді.
Сонымен қатар, жүйелендіру мақсатында уәкілетті Министрлікке спорттық іс-шараларды жоспарлау және есепке алу рәсімдерін автоматтандыру қажеттігі ұсынылды, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу ережелері мен шарттарына өзгерістер енгізілді.
Айта кету керек, Департамент дене шынықтыру және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 24 тәуекел анықталып, 34 ұсыным енгізілді.
Департаменттің ұсынымдарын іске асыру мониторингі жалғасуда.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП