«Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы Оқу орталығында қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Қанат Сүлейменов оқу орнының курсанттарымен және оқытушыларымен кездесті.
Оқу орталығының 300-ден астам курсанттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде, оның ішінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу институттары арқылы жаңа білім мен дағдыларға ие болды.
Қылмыстық істерді тергеу барысында әшкереленген полицейлер қатарындағы түрлі сыбайлас жемқорлық схемалары, сондай-ақ олардың жасалу шарттары мен себептері туралы айтылды.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейтуге байланысты заңнамалық жаңашылықтар қатысушылардың назарына жеткізілді.
Тек, соңғы 3 жылда ҚПК-нің 200-бабы шеңберінде қалалық полиция департаментіне 36 ұсыным енгізіліп, нәтижесінде 106 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, оның 47-сі жұмыстан босатылған.
Іс-шара соңында генерал Сүлейменов әрбір офицердің мінсіз қызмет етуінің маңыздылығына тоқталып, мемлекет пен қоғамның ерекше сенімін атап өтті.
Түрлі мақсатты топтар арасында тәрбие жұмысының маңыздылығын ескере отырып, мұндай іс-шаралар жалғасын табады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП