Заң мен тәртіп: Shymkent Plaza-да тұрғындарға заңгерлік кеңес ұйымдастырылды

Заң мен тәртіп: Shymkent Plaza-да тұрғындарға заңгерлік кеңес ұйымдастырылды

Шымкент қаласының ірі сауда орталығының бірі – Shymkent Plaza-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың мүшелері азаматтарды қабылдады. Білікті адвокаттар мен заңгерлер, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері қала тұрғындарына 30-дан астам тегін заңгерлік кеңес берді.

Ашықтық, қолжетімділік және халықпен диалог, өзекті мәселелерді шешу – мемлекеттік қызметкерлер, адвокаттар және бей-жай қарамайтын азаматтар үшін негізгі басымдық.

Өңірде жер, білім беру, банк саласы және жұмысқа орналастыру бағыттары ең проблемалы салалар болып қала беруде.

Мәселен, көпбалалы ана өзінің кәмелетке толмаған балаларымен бірге тұратын саяжайдағы үйін мемлекет мұқтажына алу мәселесі бойынша заңгер көмегіне жүгінді. Тұрғынның өтініші заңды шешімін тапқанға дейін бақылауда болады.

Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар тұрақты өткізіледі.