Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.

Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы мен «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының қызметі талданатын болады.

Талдау барысында бюджетті жоспарлау және игеру, туроператорлық қызметті лицензиялау, шығындарды өтеу және кәсіпкерлерді субсидиялау және т. б. мәселелерді зерделеу жоспарлануда.

Департамент қызметкерлерімен қатар, талдауға мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары мен азаматтық қоғам өкілдері тартылуда.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты немесе осы саланы жетілдіру бойынша ұсыныстарды kaldybaev.n@antikor.gov.kz электронды поштасына немесе 87715186834 WhatsApp нөміріне жолдай аласыздар.

#Заң_мен_Тәртіп