Шымкентте ақылы медициналық қызметтердің бірыңғай прейскуранты бекітілді

Шымкентте ақылы медициналық қызметтердің бірыңғай прейскуранты бекітілді

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде халыққа ақылы медициналық қызметтердің құнын көтерудің түрлі тәжірибесін анықтады.

Медициналық қызметтердің түрлерін және баға прейскуранттарын мемлекеттік медициналық ұйымдар дербес бекітеді.

Осы себепті қаланың мемлекеттік емханалары айырмашылығы бірнеше есені құрайтын түрлі бағалармен ақылы қызметтерді ұсынған.

Мәселен, бір емханада терапевт дәрігерінің консультациясы 3 мың теңге тұрса, екіншісінде 7 мыңнан астам теңге болған.

Тек үш жылдың ішінде қалалық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері 130 мыңнан астам ақылы консультациялық қызмет көрсеткен.

Мұндай тәжірибені жою мақсатында Департаменттің ұсынымымен ауруханалар мен емханаларда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құнынан аспайтын ақылы медициналық қызметтер бағасының бірыңғай тарифтері бекітілді.

Медициналық мекемелердің кассаларында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтердің бекітілген бағалары көрсетілген QR-кодтар орналастырылуда.