Кәсіпкерлерге негізсіз кедергі келтірген Шымкент қалалық Энергетика басқармасының бұрынғы басшысына айыппұл салынды

Кәсіпкерлерге негізсіз кедергі келтірген Шымкент қалалық Энергетика басқармасының бұрынғы басшысына айыппұл салынды

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне Отын қауымдастығының өкілдері газды бөлу кезіндегі бұзушылықтар туралы шағымдарымен жүгінді.

Мониторинг көрсеткендей, құрамында әкімдіктің бейінді басқармасының қызметшілері бар арнайы Комиссия өтінімге, пайдаланылатын қуатқа, жанармай құю станцияларының санына қарамастан, жанармай құю станциялары бар кәсіпкерлерге сұйытылған газды өз қалауы бойынша бөлген.

Уәкілетті органға ұсынымдар беріліп, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментімен монополияға қарсы тексеру жүргізіліп, заң бұзушылықтардың орын алғаны расталды.

Энергетика басқармасының бұрынғы басшысына бәсекелестікке қарсы әрекеттері үшін айыппұл салынды және оларды жою туралы ұсыным енгізілді.

Айта кетейік, «Бизнеске жол» жобасы аясында  1000-нан астам кәсіпкерлік субъектілеріне көмек көрсетіліп, 30 проблемалық іс оң шешімін тауып, 11 тұлға жауапкершілікке тартылған.