Жемқорлыққа қарсы мобильді топ қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті

Жемқорлыққа қарсы мобильді топ қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті

Бүгін «AMANAT» партиясы филиалының алаңында заңгерлік кеңес берілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында тәжірибелі адвокаттар, сот орындаушылар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар қала тұрғындарына проблемалық мәселелерді шешуге көмектесті.

Азаматтар материалдық көмек пен әлеуметтік төлемдерді өндіріп алу, жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты түрлі сұрақтармен жүгінді. Азаматтық-құқықтық сипаттағы, сондай-ақ жекелеген шенеуніктердің әрекетсіздігіне шағымдар түсті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар азаматтарға барлық бағыттар бойынша кеңес беріп, мемлекеттік органдармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлермен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, орын алған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесетін болады.

Айта кетейік, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасының басты мақсаты қала тұрғындары үшін көшпелі кездесулер мен қабылдаулар өткізу арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.