Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне шағымданып жергілікті кәсіпкер жүгінді.
Шенеуніктер бірнеше ай бойы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы соманы қайтаруды негізсіз кешіктірген.
Департаменттің араласуынан кейін жауапты мемлекеттік қызметшілерге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, бұзушылықтар расталып, тиісті тұлғалар жазаланды.
ЖШС шотына 11 млн. теңге көлеміндегі шартты қамтамасыз ету сомасы қайтарылды.