Шымкент қаласы жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция полкі ротасының командирі әшкереленді

Шымкент қаласы жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция полкі ротасының командирі әшкереленді

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкі ротасының командирін әшкереледі, ол қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін бағынысты инспекторлардан жүйелі негізде 5 мыңнан 10 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алған.

А.ж 7 шілдесінде ҚР ҚПК 147-бабына сәйкес Шымкент қаласының тергеу соты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.