"Заң мен тәртіп" апталығы: 27 маусым "Адалдық күні"

"Заң мен тәртіп" апталығы: 27 маусым "Адалдық күні"

Департамент қала прокуратурасымен бірлесіп 200-ден астам квазимемлекеттік сектор қызметкері, еріктілер мен мемлекеттік қызметшілер үшін кеңейтілген жиын ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік қызметтің еңбек сіңірген ардагерлері, қоғам қайраткерлері, діни қызметкерлер, мәдениет, спорт және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу қағидатына негізделген "Заң мен тәртіп" заманауи моделі талқыланды. Басты назарда – жазалау емес, алдын алу: заңды бұзудың тиімсіз, қажет емес және қоғамға жат екенін көрсететін жағдайлар құру.

Антикордың барлық салада әлеуметтік-бағдарланған, рухани-адамгершілік және отансүйгіштікке бағытталған мәдени өнімнің тиімді тетігіне айналуы тиіс "Әділ қоғам" жобасы туралы айтылды.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік мәселелерінде пікір алмасты.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

#заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок