«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында бүгін 24 маусымда жоғары оқу орындары мен колледж студенттері Департамент қызметімен таныстырылды.
Болашақ мамандарды құқық қорғау қызметіне үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары туралы хабардар еттік.
Билік өкілдері ретінде берген антына адал, қоғам мен мемлекет алдындағы жеке жауапкершілігін терең түсінетін, жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа берік болуы тиіс құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мінез-құлқына қойылатын бірыңғай әдеп қағидаттары мен талаптар туралы айтылды.
Ашық есік күні аясында барлық келушілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюды қамтамасыз ететін Агенттіктің 1424 Call-орталығының жұмысы туралы ақпараты бар брошюралар мен буклеттер таратылды.
#заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок