«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласында заң көмегінің қолжетімділігін арттыруға және азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған «көшпелі қоғамдық қабылдау» апталық акциясы бастау алды.
Акцияның бірінші күні қаланың ең ірі сауда орталығы — «Shymkent Plaza»-да ұйымдастырылып, онда жетекші адвокаттар, заңгерлер және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қала тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес берді.
Барлық келіп түскен өтініштер тіркеліп, әрі қарай шешу үшін бақылауға алынды.
Акцияның негізгі қағидаттары – ашықтық, қолжетімділік және белсенді өзара іс-қимыл. Құқықтық кеңестер келесі орындарда беріледі:
Баршаңызды білікті заң көмегін алу мүмкіндігін пайдалануға және мемлекеттік органдардың өкілдерімен диалогқа шақырамыз.
#заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок