Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен қалалық Экология департаментінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне арналған семинар өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары, жемқорлық тәуекелдерін азайту тетіктері түсіндірілді.
Сондай-ақ, қаладағы экологиялық ахуалды бақылау бағытындағы маңызды сала ретінде Департаментке сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып ішкі талдау жүргізу ұсынылды.
Мұндай кездесулер түрлі мақсатты аудиториямен тұрақты негізде өткізіліп келеді және олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді дамытуға, құқықтық тәртіпті нығайтуға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП