«Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» тақырыбында 90 минут ішінде сурет салған жас суретшілер арасында байқау өткіздік.
150 қатысушы авторлық жұмыстарын екі жас санаты бойынша ұсынды. Іс-шара Шымкент қаласының орталығы – Арбатта ұйымдастырылды.
Ашық аспан астында жас суретшілер қысқа уақыт ішінде өз жұмыстарында қоғамдағы басты құндылықтарды – өзара сыйластықты, парасаттылықты, адалдықты, қамқорлықты көрсетуге, соның ішінде шығармашылық арқылы сыбайлас жемқорлықтың зиянын да көрсетті.
Жеңімпаздарды Қазақстан Суретшілер одағы, «Жастар рухы» жастар қанаты, Департамент және Ішкі саясат басқармасы өкілдерінен құралған арнайы комиссия анықтады.
Салтанатты жағдайда үздік жұмыстардың авторларына ақшалай сертификаттар мен дипломдар, ал барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.
Талантты да шығармашыл жастар – еліміздің болашағы!
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП