Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Шымкент қаласының орталығында, Арбатта «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті.

Жетекші адвокаттар мен заңгерлер, сондай-ақ, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері 300-ден астам қала тұрғынына тегін заңгерлік кеңес берді.

Ашықтық, қолжетімділік және халықпен диалог, өзекті мәселелерді шешу – «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстанатын мемлекеттік қызметшілердің, адвокаттардың және басқа да бей-жай қарамайтын азаматтардың негізгі міндеті.

Өңірдің ең проблемалы салалары – жер мәселелері, жұмысқа орналасу, жеке сот орындаушылар мен әлеуметтік қызметтердің жұмысы болып табылады.

Қабылдау кезінде түскен шағымдар толық шешімін тапқанға дейін бақыланады.

Акцияға сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер де жұмылдырылып, тұрғындарға жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелері бойынша кеңестер берілді, Агенттіктің 1424 байланыс орталығы туралы брошюралар таратты.

Осындай іс-шаралар жыл соңына дейін жоспарланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ ай сайын түрлі орындарда (Халыққа қызмет көрсету орталықтары, әкімдіктер, сауда орталықтары) азаматтарға кеңес береді.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП