Шымкент қаласындағы мемлекеттік сатып алу және құрылыс салаларындағы заң мен тәртіп

Шымкент қаласындағы мемлекеттік сатып алу және құрылыс салаларындағы заң мен тәртіп

Өңірде мемлекеттік сатып алу мен әлеуметтік нысандар құрылысы саласындағы заңдылық пен ашықтық қағидаттарын нығайту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қала әкімдігімен бірге өңірдегі мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру және әлеуметтік нысандарды іске асыру мәселелері бойынша БАҚ өкілдеріне кезекті баспасөз конференциясын өткізді.

 Жиында жолдарды күтіп-ұстау және жөндеу жұмыстарын сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, соның ішінде жұмысты қабылдау және жол төсемінің сапасын бақылауды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, әлеуметтік топтағы азаматтарға жаңа үйлер салу және сатып алу мәселелері қарастырылды.

Алты жыл ішінде (2019-2024 жж.) әкімдік көп қабатты 193 үйдің құрылысына және 4,4 мың пәтерді сатып алуға 235 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған.

Бұл салада жаңа үйді кемінде 7 жыл пайдалануға кепілдік беру мерзіміне қатысты бұйрықтар енгізілді.

Қалада ұзақ мерзімге созылған құрылыс нысандарының пайда болуына жол бермеуге, оның ішінде жосықсыз мердігерлердің әрекетіне дер кезінде ден қоюға баса назар аударылды.

Жұмыс жалғасуда және нәтижелері туралы тұрақты түрде хабарлайтын боламыз.