
30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.
Халық пен бизнеске тегін заңгерлік кеңес Шымкент қаласында Арбатта (Бейбітшілік көшесі 4-6) сағат 16.00-де басталуы жоспарлануда.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП