Денсаулық сақтау саласындағы ашықтық пен есептілікті арттыру мақсатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қалалық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту бойынша семинар өтті.
Іс-шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ өкілдері, оның ішінде қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатысты.
Сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың өзекті мәселелерін, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және этикалық стандарттарды арттыру тетіктерін талқылады.
Осы тұрғыдағы кездесулер тұрақты түрде ұйымдастырылады және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында ашықтықты, жауапкершілікті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардарлықты арттыруға ықпал етеді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП