"Заң және тәртіп": іс-әрекеттегі мемлекеттік қызметтердің сапасын қоғамдық бақылау

"Заң және тәртіп": іс-әрекеттегі мемлекеттік қызметтердің сапасын қоғамдық бақылау

2025 жылғы 29 сәуірде Павлодар облысында халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізілді. Бастама Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен еріктілердің қатысуымен "Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету шеңберінде іске асырылды.

Мониторингтің мақсаты-мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі жүйелі проблемаларды анықтау, сондай-ақ олардың қолжетімділігін, ашықтығын және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлануын талдау.

Қатысушылар қабылдау шарттарын, кеңес беру сапасын, кезектіліктің сақталуын және қажетті ақпараттық материалдардың болуын бағалады.

Мониторинг қорытындысы бойынша ақпараттық материалдарды үнемі жаңартуды және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қызметкерлер үшін тренингтер өткізуді қоса алғанда, ХҚКО жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді.

Бұл жұмыс "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген толықтыруларға байланысты ХҚКО қызметкерлерінің жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал етеді, оған сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне жатқызылған.

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

 

#Сыбайлас_жемқорлыққа_қарсы_волонтерлер

#Әділдік_жолында

 

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!