"Заң және тәртіп" нарративін ілгерілету және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Павлодарда "Antiparacraft-2025" Республикалық квест-ойынының бірінші кезеңі басталды.
Іс-шараныңмақсаты-жастардыңсыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінқалыптастыру, парасаттылықдағдыларындамытужәнеазаматтықжауапкершіліктіарттыру.
Квест-ойын-сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүние танымды қалыптастыру процесіне жастарды белсенді тартуға бағытталған сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың инновациялық әдісі. Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтеді: онлайн-тестілеу, бейнероликтер байқауы, SMART жүйесі бойынша жобалардың тұсау кесері, сондай-ақ мамыр айының соңында Павлодарда өтетін екі финалдық офлайн-кезең, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттерді шешуде барынша белсенділікпен креативтілік танытқан үздік командалар айқындалатын болады.
Бірінші кезеңге әр түрлі жоғары оқу орындары мен колледждердің атынан қатысатын еліміздің 14 аймағынан 16 команда қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қызығушылық танытты.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Antiparacraft_2025
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!