
Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті "Заң және тәртіп" қағидатын және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын ілгерілету, сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлықтан тұрақты түрде бас тарту және құқықтық сананы арттыру мәдениетін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының ІІМ Оқу орталығының алғашқы кәсіптік даярлықтың тыңдаушыларымен кездесу ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты-жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сананы арттыру және парасаттылық қағидаттарын дамыту. Іс-шараға 120 алғашқы кәсіптік даярлықтың тыңдаушылары қатысты.
Спикерлер ретінде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Асет Оспанов, Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің басшы құрамы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагері Утеов Куат Темирханович, Қазақстан Республикасы ІІО және Ұлттық ұлан Павлодар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Абраев Бакберды Балтабаевич, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер "Әділдік және Өркендеу" ҚҚ өкілдігінің басшысы Гульнара Исенова және "Градостроительный совет" ҚБ-нің басшысы Нургуль Каирденова.
Ардагерлер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті, қызметте этикалық нормалармен заңдылықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ алғашқы кәсіптік даярлықтың тыңдаушыларын қызметтік міндеттерін адал және жауапты орындауға шақырды.
Сыбайлас жемқорлықтыңалдын алу мәселелеріне, мемлекеттік басқарудың ашық және тиімді жүйесін қалыптастырудағы әрбір қызметкердің рөліне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресте жеке жауапкершілікпен азаматтық ұстанымның маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, бұл алғашқы кәсіптік даярлықтың тыңдаушыларына қызықтырған сұрақтарын қоюға және білікті жауаптар алуға мүмкіндік берді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жарқын_болашақ
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!