
"Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету аясында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдің мемлекеттік қызметшілері арасында оқыту семинарын өткізді.
Семинар тақырыбы: Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және бағалау әдістері. 30 мемлекеттік қызметші қатысты.
Семинар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық қатерлерін ерте анықтауға және бейтараптандыруға бағытталған ішкі бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг тетіктерімен егжей-тегжейлі танысты.
Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция басқармасының басшысы Данияр Каукенов комплаенс-саясатты іске асырудағы жүйелі тәсілдің маңыздылығы туралы айтып, сыбайлас жемқорлыққа "нөлдік төзімділікті" қалыптастырудағы басшылар мен қызметшілердің рөлін атап өтті, сондай-ақ тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері туралы өзекті ақпаратпен бөлісті.
Мемлекеттік органдарға осал процестерді тиімді бақылауға және бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретін ішкі бақылаудың практикалық құралдарына ерекше назар аударылды.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында институционалдық адалдықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті нығайтуға бағытталған тағы бір қадам болды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Адал_қызмет
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!