Заң және тәртіп: Жастар адал болашақ үшін

Заң және тәртіп: Жастар адал болашақ үшін

"Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету шеңберінде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті облыстың Әділет департаментімен, Жастар бастамаларын дамыту орталығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер Гүлнара Исенова және Гаухар Омаровамен бірлесе отырып, КЕАҚ Торайғыров университетінің колледж студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттідамыту, адалдық, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болды.

Студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, сондай-ақ білім беру және болашақ кәсіби ортада этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығы туралы айтылды.

Кездесу барысында студенттердің қызығушылығымен белсенді қатысуына түрткі болған өмірлік жағдайлар мен мотивациялық әңгімелер талданды. Іс-шараға барлығы 50 студент қатысты.

 

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

#Адал_жастар

 


Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!