Заң және тәртіп: Павлодар облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді қызметтің жұмысы

Заң және тәртіп: Павлодар облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді қызметтің жұмысы

2025 жылғы 31 наурыз күні "Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету аясында және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Полиция департаментімен бірлесіп халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізді.

Шарбақты ауылының жергілікті атқарушы органының алаңында заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариустардың және жеке сот орындаушыларының өкілдерінен тұратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ Шарбақты ауданының 25-дан астам тұрғынына тегін заң көмегін көрсетті.

Ауыл тұрғындары мұрагерлік және мүліктік құқыққа, мүлікті бөлуге, еңбек қатынастарына, қамауға алуды алып тастауға, орындаушылық іс жүргізуге, сондай-ақ сот тәртібімен бұзылған құқықтарды қорғауға және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар қойды.

Жақын арада мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың осындай сапарларын Павлодар облысының барлық аудан орталықтарында өткізу жоспарлануда.

 

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

 

#құқықтық_сауаттылық


Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!