Павлодарда" Заң және тәртіп " қағидаты аясында жастармен кездесу өтті

Павлодарда" Заң және тәртіп " қағидаты аясында жастармен кездесу өтті

"Заң және тәртіп" қағидатын және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде Павлодароблысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Әділет департаментімен және облыстың жастар бастамалары орталығымен бірлесіп жастармен кездесу өткізді.

Іс-шара заңдарды сақтау мәдениетін қалыптастыруға, жастар арасында тәртіп пен жауапты мінез-құлықты түсінуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға, сондай-ақ оқушылар арасында құқықтық сауаттылық пен жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған. Іс-шараға 30 оқушы қатысты.

Студенттер сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы ақпаратты және осы құбылысқа қарсы тұру бойынша кеңестерді қамтитын үлестірме материалдар алды. Іс-шара бірлік атмосферасында өтті, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, толық жауаптар алуға мүмкіндік алды.

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

#Тәртіпті_өзімізден_бастайық


#Жастар_біздің_болашақ

#Парасаттылықсағаты

#Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік


Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!