Мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және этикалық стандарттарды енгізу

Мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және этикалық стандарттарды енгізу

"Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету шеңберінде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Павлодар облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп, облыстың 23 басқармасының, 13 аудан мен қала әкімдіктерінің өкілдері арасында семинар өткізді.

Семинар барысында өзекті мысалдар талқыланды, сондай-ақ жұмыстың түрлі салаларындағы сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресудің үздік тәжірибелерімен алмасу жүргізілді. Семинарға 36 өкіл қатысты. Іс-шара онлайн форматта өтті.

Іс-шараның мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту және мемлекеттік органдардың күнделікті тәжірибесіне этикалық стандарттарды енгізуге ықпал ету. Семинарда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының маңызды қағидаттары, сондай-ақ өңірдің ұйымдары мен мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу тәсілдері талқыланды.

Мүдделер қақтығысының алдын алу, адалдық пен ашықтық қағидаттарын сақтау,сондай-ақ күнделікті қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика нормалары мен стандарттарын сақтаудың маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Спикерлер сонымен қатар Әдеп жөніндегі уәкілдердің корпоративтік мәдениетті жақсартудағы және барлық деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі туралы айтты.

Семинар барысында өзекті мысалдар талқыланды, сондай-ақ жұмыстың түрлі салаларындағы сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресудің үздік тәжірибелерімен алмасу жүргізілді. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жақсарту және мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша ұсыныстарды қамтитын үлестірме материалдар алды.

 

#Закон_и_Порядок    
#ЗАКОНиПОРЯДОК   

 

Если Вы столкнулись с коррупцией, сообщайте по номеру 1424 или присылайте фото/видео в наш бот @antikorkz_bot