
"Заң және тәртіп" қағидатын және Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Қазақстан Республикасы АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілерімен және өңірдің аудандық инспекцияларының басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі аясында "Заң және тәртіп" идеясын түсіндіруге арналды. Іс-шараның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілерін талқылау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылық пен жауапкершілік деңгейін арттыру болды. Іс-шараға 41 қызметкер қатысты.
Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция басқармасының басшысы Данияр Кәукенов әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысында заңдылық пен адалдықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Тек өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау арқылы ғана барлық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күреске қол жеткізуге болады.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған нақты қадамдар қаралды. Сондай-ақ мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысуы мен хабардарлығын арттыру жолдары талқыланды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Честные_государственныеслужащие
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!