Павлодарда жемқорлыққа қарсы мобилді топ Успенка ауылының тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетті

Павлодарда жемқорлыққа қарсы мобилді топ Успенка ауылының тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетті

Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің еріктілері жанынан құрылған мобильді топ Успенка ауданының 60-қа жуық тұрғындарына тегін заңнамалық көмек көрсетті.

 Аудандық мәдениет үйінің алаңында заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариустардың, сондай-ақ облыстың мемлекеттік органдарының өкілдері азаматтардың құқықтық сұрақтарына жауап берді.

Атап айтқанда, ауыл тұрғындары мұрагерлік және мүліктік құқыққа, мүлікті бөлуге және т. б. қатысты сұрақтар қойды.

Жақын арада осындай көшпелі консультациялар Павлодар облысының барлық аудан орталықтарында өтеді.