Павлодар облысында ескірген және апатты тұрғын үй саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне талдау басталды

Павлодар облысында ескірген  және апатты тұрғын үй саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне талдау басталды

 Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ескі және апатты тұрғын үй саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде. Осы жұмыс шеңберінде жоғарыда аталған мәселелерді үйлестіретін жергілікті атқарушы органдардың қызметі талданатын болады.

Талдауды Департамент қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді. Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады.

Егер сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе аталған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз dmdgs_pavlodar@mail.ru, 8776 832 3777 нөмірі бойынша (Whatsapp қосымшасымен) немесе Павлодар қ., Камзин к-сі, 37, «Antikor Ortalygy» фронт-офисі мекенжайы бойынша хабарласыңыз.