Павлодарда жастарға арналған жемқорлыққа қарсы спектакль өтті

Павлодарда жастарға  арналған жемқорлыққа қарсы спектакль өтті

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және өңірлік мәдениет басқармасының бастамасымен сахнасында «Қымбатты Елена Сегеевна» спектаклінің қойылымы ұйымдастырылды.

Қойылымда мұғалім мен оқушылардың қарым қатынасы талқыланады, онда соңғылардың іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық көріністері және моральдық қағидаларға қайшы келетін өзімшіл мақсаттарын жүзеге асыруға деген ниетпен көрсетілген адалдықтың болмауы көрінеді. Сонымен қатар, көрермендерге адамгершілік құндылықтары мен көзқарастары жоғары, адалдықты, әділдікті және адамның еңбегін құрметтейтін жас ұрпақты тәрбиелеу қажеттілігі туралы көрсетілді.

Іс-шараның көрермендері студенттер мен педагогтар болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді шараларының бірі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту болып табылатынын атап өту қажет. Бұл жүйелі және кешенді жұмысқа бүгінде жергілікті атқарушы органдар, жұртшылық пен БАҚ өкілдері қосылған.