Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары облыстық қоғамдық кеңесте қаралды

Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары облыстық қоғамдық кеңесте қаралды

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің отырысында облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2023 жылы өткізген Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары қаралды.

Талдаумен медициналық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың медициналық техниканы сатып алу, оны пайдалану және халық үшін қолжетімділік, медициналық ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қоры, медициналық мекемелер ғимараттарының құрылыс-монтаждау жұмыстары, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мәселелері жөніндегі қызметі қамтылды.

Талдау барысында 9 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, олар бойынша 15 ұсыныс берілді.

Мысалы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаматтық-құқықтық шарттар негізінде қызметтер көрсету, медициналық жабдықтарды салу және сатып алу, медициналық жабдықтарды кәдеге жарату, медициналық ұйымдардың ақылы қызметтер көрсетуі және бухгалтерлік есепті енгізу және т. б. туралы келісімдер жасасу кезінде орын алады.

Бүгінгі таңда облыстың денсаулық сақтау басқармасы аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ұсынымдарды орындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.