Павлодарда кәсіпкерге кедергі келтірген «Ақсу су арнасы» қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Павлодарда кәсіпкерге кедергі келтірген «Ақсу су арнасы» қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалған міндеттемелер бойынша «Ақсу су арнасы» ШЖҚ МКК ақшалай қаражатын төлемеуге қатысты жеке кәсіпкер жүгінді.

Департаменттің араласуынан кейін аталған ұйым өзінің қателігін мойындап, кәсіпкерге ақшалай қаражат төледі.

Өз кезегінде «Ақсу су арнасы» ШЖҚ МКК бухгалтері ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, егер кәсіпкер сыбайлас жемқорлық көріністеріне, әкімшілік кедергілерге тап болса, ол 8 (7182) 37-85-86 нөмірі бойынша өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жедел желісіне хабарласа алады.