Павлодарда сыбайлас жемқорлық үшін "Қазпошта" АҚ директорының орынбасары сотталды

Павлодарда сыбайлас жемқорлық үшін "Қазпошта" АҚ директорының орынбасары сотталды

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Павлодар қаласы сотының үкімімен "Қазпошта" АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды.

Ол филиалдың автошаруашылығы аумағында автомобиль боксының шатырын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым өкілінен 2 млн.теңге сомасында пара алды.

Сотталған адамға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.