"Қазпошта" АҚ филиалы директордың орынбасары ұсталды

"Қазпошта" АҚ филиалы  директордың орынбасары ұсталды

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазпошта" АҚ ішкі қауіпсіздік қызметінің көмегімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша "Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары ұсталып, қамауға алынды.
Ол мердігер ұйым өкілінен орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 000 000 теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.
Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.