Павлодарда қоғамдық кеңес алаңында ЖАО облыстық басқармаларының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды

Павлодарда қоғамдық кеңес алаңында ЖАО облыстық басқармаларының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды

Бүгін Павлодар облыстық Қоғамдық Кеңесінің (бұдан әрі - комиссия) азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысында Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарының 22 басқармасында                   "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл" 4-ші үлгілік базалық бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары қаралды.

Комиссия отырысына өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов қатысты.

Талдау барысында басқармалар 160-тан астам сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін өз бетінше анықтады, оларды жою бойынша нақты ұсынымдар берілді.

Сонымен қатар, отырыс барысында комиссия мүшелері қосымша 6 сыбайлас жемқорлық тәуекелін атап өтті, олармен басқарма өкілдері келісті.

Мысалы, комиссия мүшесі Еркеғали Жанғазы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық қаупі бар екенін, белгілі әртістер, мәдениет және өнер қайраткерлері өңірлерге барған кезде басқарма басшылығы тарапынан бағалы сыйлықтар беру туралы зиянды бастама туындайтынын, оларға бюджетте тиісті шығыстар спицификасы жоқ екенін атап өтті.

Бұдан басқа, комиссия мүшелері ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру бөлігінде мәселені көтерді, оның шеңберінде конкурстардың жеңімпаздары ретінде белгілі бір қоғамдық ұйымдар болады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша, барлық қосымша айтылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша басқармаларға тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімдері берілді.

Бүгінгі таңда өңірдің облыстық басқармалары анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 70-тен астамын (немесе 44%-ын) жойғанын атап өту қажет.