Павлодардағы жол кәсіпорны экологиялық нормалардың бұзылуы фактілері тексеріледі

Павлодардағы жол кәсіпорны экологиялық нормалардың бұзылуы фактілері тексеріледі

Ағымдағы жылдың 11 тамызында "Адал көмек" алаңында кезекті түсіндіру ұйымдастырылды, онда спикер ретінде облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Мағзұм Кукумбаев сөз сөйледі. Ол өңірдің экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары туралы айтып берді.

Жалпы, спикердің айтуынша, өңірдегі экологиялық жағдай ведомствоның бақылауында.

Мағзұм Кукумбаев Павлодар облысы өнеркәсіптік өңір болып табылатынын және жоғары техногенді ластануға ұшырайтынын, жалпы шығарындылардың 95% - ға жуығы 1 санаттағы кәсіпорындар құрайтынын атап өтті.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс бойынша кәсіпорындар лимиттерінің көлемі 983,5 мың тоннаны (2021 жылы - 992,9 мың тонна) құрайды.

Келесі кәсіпорындардың үлесіне келетін шығарындылардың негізгі көлемі:

- Жылу энергетикасы 64,3% (614,223 м. т.),

- қара металлургияға 7,76% (74,17 м. т.),

- түсті металлургияға 16,6% (158,7 м. т.),

- мұнай өңдеуге 3,13% (30,0 м. т.)

- тау-кен өндіру және тау-кен металлургиясына 1,44% (13,8 м.т.).

Түсіндіру қорытындысы бойынша азаматтарға консультациялық көмек көрсетілді, олардың бірі Кенжекөл ауылының маңындағы жол кәсіпорнының жұмысына шағымданды, оның қызметкерлері Экологиялық кодекс нормаларын сақтамаған және бейнежазбаларды ұсынған.

Оның шағымының нәтижелері бойынша экология департаменттері жақын арада аталған субъектіге қатысты тексеру жүргізіп, оның соңында тиісті шаралар қабылданатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Адал көмек" алаңы азаматтарға тегін консультациялық көмек көрсетуге және халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуге бағытталған.

Жалпы, ағымдағы жылы экология Департаментімен 40 тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 40 экологиялық заңнаманы бұзушылық анықталды, жалпы сомасы 42,2 млн.теңгеге 40 әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, 2 кәсіпорынның қызметі тоқтатылды.